Елімізде "Мистер Сидр" сусыны уақытша сатылымға шығарылмайтын болды

Мистр сидр, Ресей, алкоголі аз сусын, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 14:44 Сурет: unsplash
Қазақстанда "Мистер Сидр" деп аталатын алкоголі аз сусын уақытша сатылымға шығарылмайды. Бұл жөнінде ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, "Мистер Сидр" деп аталатын алкоголі аз сусынды тұтынумен байланысты улану және адам өлімі жағдайлары туралы БАҚ-та таратылып жатқан ақпаратқа байланысты ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алкоголь өнімін импорттаушылар мен өткізушілерді хабардар ету және мән-жайлар анықталғанға дейін аталған өнімді сатылымнан уақытша алып тастау туралы аумақтық департаменттерге тапсырма берді.

"Комитет мән-жайлар анықталғанға дейін жоғарыда аталған өнімді пайдаланудан бас тартуға және мұндай өнімді сатылымнан анықтаудың барлық жағдайлары туралы Комитетке немесе объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге дереу хабарлауға шақырады", – делінген хабарламада.

"Мистер Сидр" сусынын "АНДИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (РФ, Самара қ., Винтай к., Гаражная к-сі, 15 үй) шығарады.

Ресейде сидрден жаппай улану фактісі анықталғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Ульяновск, Самара және Төменгі Новгород облысында құйылмалы сидр ішкен  33 адам қайтыс болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, елде "Мистер Сидр" өнімдерін жөнелту мен жеткізуге толығымен тоқтатылды - қайтыс болған адамдар дәл осы сусынды ішкен делінеді. Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: