Ақтөбе облысында полиция департаментінің лауазымды тұлғалары қамауға алынды

Ақтөбе облысында полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Ақтөбе облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне ақшалай қаражатты төлеудің бұзылуы туралы ақпарат келіп түсті. Осы факті бойынша аудиторлық тексеру жүргізілді, нәтижесінде Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды", - делінген хабарламада.
6 маусымда Ақтөбе облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған лауазымды тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript