Фейк: әлеуметтік желіде Бородулиха ауданында түсірілген өрттің видеосы тарады
Сурет: әлеуметтік желі
WhatsApp-та ірі орман өртінің видеосы тарады. Кадрларда ол Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Бородулиха ауылының маңында шыққан деп жазылған. Бұл өтірік, деп хабарлайды Zakon.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл кадрлардың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Видео Ресейде түсірілген.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бородулиха ауданында түсірілген өрттің видеосы тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді – өрт мамыр айының басында Қазақстанда емес, басқа елде түсірілген. "Новосибирск онлайнның" хабарлауынша, видеода 11 мамырда "Омбы-Түмен" тас жолында орын алған өрт көрсетілген. Сонымен қатар видеода жазылған жазу да дұрыс емес – Бородулиха аумағы ШҚО-ға емес, Абай облысына қарайды, - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript