WhatsApp-та Жеңіс күнін мерекелеуге арналған алаяқтықтың жаңа түрі туралы ақпарат тарады

WhatsApp-та Жеңіс күнін мерекелеуге арналған алаяқтықтың жаңа түрі туралы ақпарат тарады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 20:52 Сурет: unsplash
WhatsApp-та Жеңіс күнін мерекелеуге арналған алаяқтықтың жаңа түрі туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Телефонға "онлайн ұранға" қосылуға үндейтін хабарлама келеді. Оған қатысу үшін "1945" кодын теріп, аудионы тыңдау керек. Хабарлама авторларының айтуынша, бұл код алаяқтарға банктік деректеріңізді білуге мүмкіндік береді. Бұл - жалған.

Бұл ақпаратты "Лапша Медиа" фактчекерлері тексерді. Онда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Ура Победе!" акциясы туралы айтылған. Акция 2025 жылғы 25 ақпан – 15 мамыр аралығында Ресейде өтеді. Оған қатысу үшін 1945 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалып, дауыстық мәзір арқылы қажетті бөлімді таңдау керек.

Акция аясында Юрий Левитан оқыған 1945 жылғы Кеңес ақпарат бюросының күнделікті қысқаша жаңалықтарын тыңдауға, "Қараңғы түн" және "Катюша" сияқты танымал әскери әндерді қоңырау етіп орнатуға, сондай-ақ әндер мен мерейтойлық логотипті тегін жүктеп алуға болады.

"Шоттан ақша алынбайды және дербес деректер алаяқтарға берілмейді. Демек, таралған хабарлама -  фейк", - деп хабарлады портал.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: