"Модель емеспін, сатушымын". Қазақстандағы ең көрікті жігіт Шымкентте тұрады
Сурет: Tik-Tok/m1dwaaay
Дархан есімді фотограф Қазақстан көшелерінде кездейсоқ кездескен 1000 адамды суретке түсіру бастамасын қолға алып, өңір-өңірді аралап жүр. Ол Шымкентте ең әдемі жігітті кездестіріп, аң-таң болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның есімі - Тұрар. Жасы 23-те. Шымкентте тұрады, құрал-жабдықтар сатады.
Tik-Tok-та пайда болған оның видеосына пікір қалдырушылар Тұрарды Киану Ривз бен Леонардо Ди Каприоға қатты ұқсатып, модель саласына баруға кеңес беріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript