Оралда екі жігіт такси жүргізушісін тонаған

такси, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 01:32 Сурет: видео скрині
Оралдың екі тұрғыны такси жүргізушісін тонаған, - деп хабарлайды Zakon.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің кезекші бөліміне "Яндекс" қызметінің такси жүргізушісі хабарласқан. Оның айтуынша, сағат 02:00-де Яндекс go қосымшасын қолданушы Оралдың "Орбита" саяжайына тапсырыс берген.

Ол тапсырысты қабылдап, көрсетілген мекенжайға келген кезде оның көлігіне екі жігіт отырған. Жолай олардың біреуі такси жүргізушісімен жанжалдасып қалған. Кейін жүргізушіге көзді жасаурататын газды баллон спрейін шашып жіберіп, содан кейін олар телефонды және қолда бар ақшаны алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел іздестіру шаралары барысында 1998 жылғы және 2004 жылғы екі азамат ұсталды. Екеуі де жұмыссыз. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады, ұрланған мүлік тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: