Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда үш ауысымды мектеп қалмады

Алматыда үш ауысымды мектеп қалмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2023 14:20 Сурет: Zakon.kz
Алматыда үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2022 жылдың желтоқсанында Алатау ауданы, Мәдениет ықшамауданындағы 1500 орындық жаңа мектептің құрылысына байланысты соңғы үш ауысымда оқитын №196 мектеп таратылған. 

"Мемлекет басшысы орын тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу үшін "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасын жүзеге асыруды қолдап, 2030 жылға дейін бір ауысымдық оқытуға көшуді қамтамасыз етуді тапсырды".Ләззат Жылқыбаева

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алматыда 37 100 оқушыға арналған 22 мектеп салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 5570 орындық 11 нысан енгізіледі, оның ішінде:

  • бюджет есебінен 1500 орындық бір мектеп (Қайрат шағын ауданы);
  • 920 орынға төрт нысан (No 48, No 148, No 112, ШИ No 9);
  • 3150 орындық алты жекеменшік мектеп ашу көзделген.

Бұған дейін Алматыда балаларды 1-сыныпқа тіркеу 2023 жылдың 1 сәуірінен басталып, 1 тамызға дейін жалғасатыны хабарланған еді. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында қабылдау электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: