Атырауда бір отбасының 6 адамы жол апатынан қаза тапты
Сурет: видео скрині
18 маусымда сағат 09:10 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолы тұсында Lada Priora және Yutong автобус соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан 1985, 2013, 2016, 2019, 2021 жылдары туған жолаушылар оқиға орнында қаза болып, Lada Priora автокөлігінің 1982 жылы туған жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты.
Қаза тапқандар төрт баласы бар ерлі-зайыпты, яғни бір отбасы.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript