Синоптиктер 22-24 маусым күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты

Қазақстан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 12:25 Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады.

"Таяу күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Сондай-ақ синоптиктердің айтуынша, ел аумағында дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел күшейеді.

Ал температура аясында күрт өзгерістер болжанбады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: