Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда алғашқы көпдеңгейлі тұрақ 2024 жылы іске қосылады

Көпдеңгейлі авто тұрақ, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 14:10 Сурет: pixabay
Алматыда келесі жыды көпдеңгейлі автотұрақ пайда болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылы "Алматы паркинг" қала меншігіне қайтарылды. Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматының тарихи орталығында 12500 тұрақ орны бар.

"Біз бірыңғай тұрақ кеңістігін қалыптастыру тұжырымдамасын аяқтаудамыз әрі қаланың барлық 8 ауданын қамтуды жоспарлап отырмыз. Әкімдік көліктер тұраққа қойылған көшелер бойындағы аумақтарды заңдастырып, оларды тиісті инфрақұрылымға біріктіреді", – деді Алматы әкімі.

Қыркүйекке қарай сараланған төлем жүйесін іске қосу жоспарлануда. Оның төлем ақысы орталықта қымбат, жаңа аудандарға арзан боламы.

"Төлем қаражаты бюджетке түседі. Сонымен қатар мен бұл бюджетті былайша бөлдім: аудан қанша жинайды – жиналған қаржыны "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша кері қайтарамын. Сондай-ақ көпдеңгейлі автотұрақтар салу мәселесі қарастырылып жатыр. Біз жеке тұлғаларды, өз жерлерінде осындай автотұрақтар салуға мүдделі адамдарды тартуға дайынбыз", – деді ол.

Ерболат Досаевтың айтуынша, қаладағы алғашқы көп деңгейлі автотұрақ Ұлттық банктің жанында орналасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: