Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болады деп болжап отыр

Синоптиктер Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болады деп болжап отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 16:22 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2023 жылдың шілде айындағы құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шілде айындағы болжамға сай, еліміздің басым бөлігінде ылғалдылық негізінен нормаға жақын болады. Сонымен бірге ылғал тапшылығы бар аумақтардың ауданы ұлғаяды.

Орташа құрғақшылық мына өңірлерде болжанды:

  • Ақмола облысының Жарқайың ауданында,
  • Қостанай облысы Амангелді ауданында,
  • Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында,
  • Ұлытау облысы Ұлытау ауданында,
  • Атырау облысы Қызылқоға ауданында,
  • Қызылорда облысы Шиелі ауданында.
"Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Қостанай облысының Жангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы мүмкін", - деп хабарлады синоптиктер.

Маусым айында Қазақстанның бес облысында құрғақшылық болады деп болжанған еді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: