Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда Мамандандырылған ХҚКО алдында ұзын-сонар кезек пайда болды

Жүргізуші куәлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 19:08 Сурет: видеодан алынды
Талдықорғанда сағат 5:00-ден бастап Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін алғаш рет алуға келгендердің легі ортаймай тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандандырылған ХҚКО ашылар алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Адамдар сағат 5:00-ден бастап келе бастаған, бірақ олар сол күйі емтиханға кіре алмады. Мемлекеттік мекеме алдына 100-ге жуық адам жиналды.

Мамандандырылған ХҚКО-ның баспасөз қызметі Алматы облысының аумағында практикалық емтихан тапсыру үшін автодромның болмауына байланысты кезек туындағанын атап өтті. 

"Алматы облысы, Жетісу облысы Панфилов ауданы және Алматы қаласы азаматтарының өтініш тапсыруына байланысты Талдықорған қаласының Мамандандырылған ХҚКО-да адамдар көптеп жиналып, ұзын-сонар кезек пайда болды. Олар жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметке жүгінгендер", - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетсек, Алматы облысында автодром ашылған жағдайда Талдықорған қаласының Мамандандырылған ХҚКО-сына артылатын жүктеме айтарлықтай төмендейтін еді. Мекеме қызметкерлері Zakon.kz тілшісіне қазіргі уақытта азаматтарды тек электрондық брондау жүйесі бойынша қабылдау туралы мәселе қаралып жатқанын жеткізді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: