Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда сауда үйінің опырылған шатыры бекітілмеген болып шықты

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2023 15:56 Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Шатыры желге шыдас бермей, опырылып түскен "Артур-1" сауда үйінің басшылығы төтенше жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Малайсары батыр көшесінде орналасқан "Артур-1" сауда үйінде шатыр жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Бекітуге мүмкіндік болмады, үлгермедік. Оны қатты жел ұшырып түсірді. Қазір оқиғаның себебін анықтау үшін ішкі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сауда орталығының әкімшілігіне сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға 7 шілдеде түсте болған. Сауда орталығы ғимаратының бүйір жабыны жазғы дәмхананың үстіне опырылып түсіп, 13 автокөлік бүлінсе, опырылған шатырдың астында қалған екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жалпы құлаған аумақ - 300 шаршы метр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: