Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада мереке күндері қанша мас жүргізуші ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2023 01:42 Сурет: polisia.kz
Астананың наркологиялық және психикалық орталығына мас болған 25 жүргізуші жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал мас күйінде медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Құқық бұзушылардың көлік құралдары коммуналдық тұраққа қамалды.  Мәселен, полиция қызметкерлері Абылайхан даңғылының бойында Infiniti автокөлігін басқарған 31 жастағы қала тұрғынын тоқтатып, оның құжаттарын тексеру барысында бикештен алкогольдің иісін сезген.  

Медициналық куәландырудың нәтижесінде жүргізуші "жеңіл" дәрежедегі мас күйде автокөлікті басқарғаны анықталды.

Автоледиге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, көлік коммуналдық тұраққа қамалды.  Патрульдік полиция қызметкерлері кешкі уақытта Ш.Құдайбердіұлы көшесінде Lexus RX 300 автокөлігінің жүргізушісін де мас күйінде ұстаған. Lexus көлігін басқарған 35 жастағы азаматтың құжаттарын тексеру кезінде, ол 2020 жылы соттың шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды. Ол басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде рульге қайта отырған.  


Аталған азаматты медициналық куәландырудан өткізу нәтижесінде жүргізуші "жеңіл" дәрежеде мас болған. Қазіргі уақытта құқық бұзушы қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: