Алматылықтарға көшеге қоқыс тастағаны үшін 91 миллион теңге айыппұл салынды
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы тұрғындары жыл басынан бері қоғамдық орындарға қоқыс тастап, ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін 91 миллион теңгеден астам айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады 11 шілдеде Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Біз бұл бағытқа ерекше мән береміз, өйткені қоқыс тастау, жол қозғалысы ережелерін бұзу және басқа да заңсыз көріністер болсын, ұсақ құқық бұзушылықтар үшін жазаланбау азаматтардың күні ертең аса ауыр әрекеттер немесе қылмыстар жасауына алғышарт болады", – деп түсіндірді Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.
Алматы полициясы әкімшілік заңнамаға сәйкес қоғамдық орындарды ластау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатылатынын еске салды. Ондай жағдайда 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Алматыда жыл басынан бері аталған әкімшілік бап бойынша 5370 құқық бұзушылық анықталып, айыппұлдың жалпы сомасы 91 миллион теңгеден асты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript