Өрт кезінде танытқан қайсарлығы үшін "Семей орманы" резерватының қызметкерлері марапатталды

ҚР Экология министрі З. Сүлейменова "Семей орманы" резерватында шыққан алапат өрт кезінде табандылық таныта білген қызметкерлерді марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, министр ержүрек азаматтарға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалін табыс етті.
Марапатталған азаматтар:
- "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы Советов Қанат Талғатұлы;
- "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты Батпаев орман шаруашылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Дюсеханов Едил Кайратович;
- "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты Бегенев филиалының тракторисі Мухамеджанов Мұрат Жолдасбайұлы.
Сонымен қатар, іс-шара барысында жоғары кәсіби қабілеті және су шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың үздік мамандары "Су шаруашылығының үздігі" төсбелгісімен және Министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Абай облысындағы "Семей орманы" резерваты аумағында 2023 жылғы маусым айында алапат өрт болды. Ол 14 адамның өмірін қиды. ҚР Экология министрі Зүлфия Сүлейменова бұл қайғылы оқиға үшін жауапкершіліктен жалтармайтынын айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript