Алматы облысында бірнеше ауылдық округ пен ауыл атауы өзгертілмек

Алматы облысы, Іле ауданы, Талғар ауданы, Кеген, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2023 15:00 Сурет: amanatpartiasy
Әкімдік пен мәслихаттың "Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешімі әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанна, Іле ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауын өзгерту жоспарланған:

  • Энергетический ауылдық округін Өтеген батыр ауылдық округіне;
  • КазЦИК ауылдық округі Асқар Тоқпанов ауылдық округіне;
  • Энергетический ауылдық округі Покровка ауылын Кенен Әзірбаев ауылына;
  • Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылын Байкент ауылдық округі және Байкент ауылына;
  • Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылын Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылына;
  • КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылын Жайнақ ауылына.

Бұған қоса Талғар ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы өзгертілмек:

  • Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылына.

Кеген ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы өзгертілсін:

  • Жалаңаш ауылдық округі Жалаңаш ауылын Жалағаш ауылына.

Құжат Ашық НҚА сайтында 28 шілдеге дейін жарияланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: