Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының дәрігерлері қатты ыстыққа байланысты тұрғындарға кеңес берді

Кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2023 15:50 Сурет: pixabay
Синоптиктер республикамыздың көп бөлігінде алдағы күндері 45 градусқа дейін аптап ыстық сақталатынын, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста сынап бағаны +30...+37 градусқа дейін көтерілетінін болжайды. Осыған байланысты Алматының дәрігерлері өз кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

№8 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дастан Төлебаев ауа температурасының жоғарылауына байланысты көптеген тұрғындарда қан қысымы көтеріліп, жалпы жағдайы нашарлау сынды белгілер байқалатынын, сондай-ақ аптап ыстық, аңызақ қапырық жүрек ауруы бар адамдар үшін де аса қауіпті екенін айтады. Жоғары температура жүрекке жүктемені арттырып, қан айналымы проблемаларын тудыруы мүмкін. 

Қатты ыстық кезінде дәрігер мыналарды ұсынады:

  • ыстықта физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз
  • жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу
  • өз дәрі-дәрмектеріңізді дәрігерлер ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз
"Егер көп сұйықтық ішуге қарсы көрсетілімдер болса, дәрігермен ыстықта әрекет етудің өзге жоспарын талқылаңыз. Қатты шаршап, басыңыз айналса немесе тыныс алуда қиындықтар туындаса, дереу дәрігерге хабарласыңыз", - дейді ол. 

Аптап ыстық жүкті әйелдерге де қауіпті болуы мүмкін. Алматыдағы № 4 перзентхана директорының орынбасары Екатерина Самарцева жүкті әйелдер ыстықта аса сақ болып, баланың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау үшін қосымша шаралар қабылдауы керектігін айтады. 

Екатерина Самарцева жүкті әйелдерге мынандай кеңестер береді:

  • дене белсенділігі мен ыстықтаудан аулақ болыңыз
  • күн астында отырмаңыз және жабық әрі қапырық бөлмелерде болмаңыз.
  • диетаны қадағалап, дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

Дәрігер жүкті әйелде бас айналу, жүрек айну, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы немесе қатты терлеу сияқты күн өту белгілері болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек екенін айтады.

Педиатрлар балаларды сыртқа шығаруға, тікелей күн сәулесінен аулақ болуға және күн өтудің болдырмауына кеңес береді. Әсіресе, кішкентай сәбилер осал, сондықтан олардың дене температурасын бақылап, оларға жеткілікті деңгейде сұйықтық беру керек.

"Балаларға табиғи материалдардан жасалған жеңіл, кең киім кию кигізу керек, 11-16 сағат аралығында тікелей күн сәулесінен аулақ болу керек және күннен қорғайтын кремдерді қолдану қажет. Балаларды салқын сумен және жемістермен қамтамасыз ету де маңызды. Балалар жабық және қапырық орында, әсіресе күн түскен жерлерде қалмауы керек. Сондай-ақ дене белсенділігі мен ыстықтаудан аулақ болу маңызды", - деді Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының көпсалалы соматикалық бөлімшесінің меңгерушісі Шолпан Қайыпназарова.

№8 қалалық емхананың дәрігері Гүлмира Байшолақова қатты ыстықта суды көбірек ішіп, керісінше қантты газдалған сусындар, ашты кофе немесе алкоголь тұтынуға болмайтындығын ескертеді. Су дененің денсаулығы мен әл-ауқатын сақтаудың негізгі құралы болып табылады. Су ағзаның ылғалдануының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етеді, бұл барлық органмен жүйелердің қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды.

Сондай-ақ ол, әсіресе ұзақ уақыт күн сәулесінен немесе физикалық белсенділіктен кейін мұзды су ішпеу керектігін атап өтті. Бұл асқазанның құрысуын тудыруы мүмкін. Сіз денеңізге мұқият болуыңыз керек және ауыздың құрғауы, әлсіздік, бас айналу, зәрдің қараюы және зәр көлемінің төмендеуі сияқты дегидратация белгілерін байқауыңыз керек. Егер сіз осындай белгілерді байқасаңыз, суды тұтынуды көбейткен жөн.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: