Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қарақұрт қаптағаны рас па

Алматы, қарақұрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 15:38 Сурет: wikimedia
Қазнетте қаланы қарақұрт басқаны жайлы ақпарат таралып жатыр. Zakon.kz қарақұрт шаққан қанша адам медициналық көмекке жүгінгенін білу үшін маманға жүгінген еді.

Қарақұрт улы өрмекшітәрізділер тұқымдасына жатады.

Хабарлама авторы қарақұрт Алматының орталығында да кездесіп жатқанын, қазір індет бүкіл Қазақстан бойынша таралғанын жазыпты.

Алматы, қарақұрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 15:38

Сурет: әлеуметтік желіден алынды


Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ай басынан бері дәрігерлер мұндай екі жағдайды ғана тіркегенін атап өтті.

"Алматы қаласының жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына Шелек ауылынан ерлі-зайыпты өз бетінше жүгінген. Науқастар қол-ағы ұйығанын, тер басып, әлсіздік басқанын айтып, шағымданған. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, түнде оларды қарақұрт шағып алған. Оған қоса күйеуінде 2- типті қант диабеті, әйелде анемия бар. Науқастарды тексергеннен кейін ауырлығына байланысты олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды, ал келесі күні терапия бөліміне ауыстырылды". Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі

Бесінші күні жағдайы жақсарған соң науқастар үйіне шығарылған.

"Егер шаққанан кейінгі ауырсыну қатты болмаса, медициналық көмектен кейін науқасты үйіне жіберуге болады. Бірақ мұндай науқастар көбінесе ауруханаға жатқызылады. Өрмекші шағу әсіресе созылмалы аурулары бар науқастар үшін қауіпті. Мұндай адамдар дереу ауруханаға баруы керек, өйткені ауыр зардаптар болуы мүмкін. Қатты ауыратыны соншалық, ішек парезі дамиды. Ауыр жағдайларда науқастар реанимация бөліміне жатқызылады", – дейді Алматы қаласы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Ғабит Қуанышбай.

Маманның айтуынша, егер қарақұрт қолды немесе аяқты шақса, онда аяқ-қолды мүмкіндігінше қозғалтпай ұстау керек.

Ауруханаға келмес бұрын қарақұрт шаққан адамға көп сұйықтық, жылы су немесе ыстық шай беру керек. Шағып алған кезде қатты ауырсыну пайда болады, оны кез-келген ауырсынуды басатын дәрімен басуға болады. Бірақ шаққан жерді кесіп, күйдіруге немесе аяқ-қолға бұрау салуға болмайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: