Павлодар - Семей автожолындағы жол апатынан 4 бала зардап шекті
Сурет: Zakon.kz
Павлодар-Семей автожолында көлік аударылып, салдарынан 5 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар - Семей тас жолындағы Жертұмсық және Қаратоғай ауылдарының ортасында жол апаты болды. Жол апаты салдарынан 35 жастағы ер адам және 4 пен 7 жас аралығындағы 4 бала зардап шекті. Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жарақат алған балалар ауруханада ем алып жатыр.
"Жол апаты жайлы хабар 17:45-те түсті. Оқиға орнына қызметкерлеріміз 9 минутта жетті. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. Жарақат алған төрт бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жедел жәрдем станциясы
Апат болған жерде үш жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript