Алматы облысындағы ауылдарды су шайды
Сурет: видео скрині
Алматы облысының кейбір ауылдарында толассыз жауған жаңбырдан сел болған. Әзірше зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сел Алматы облысының Жамбыл ауданы Қараарша және Бесмойнақ ауылдарында болған. Куәгерлердің айтуынша, ауылдарын су шайып кеткен.
21 шілде күні кешке оқиға орнынан видеолар тарап жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көрші елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Әзірше зардап шеккендер мен су басқан үйлер туралы да мәлімет айтылмады.
Zakon.kz тілшісі Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті мен Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен ресми сауал жолдағанымен, әлі жауап ала алған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript