Шымкентте 4 жасар баланың қолы еттартқышта қалып қойған

еттартқыш, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 00:49 Сурет: otyrar.kz
Шымкентте 4 жасар баланың қолы еттартқышта қалып қойған. Оқиға сенбі күні, 22 шілдеде болған, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Құтқару қызметінің "112" нөмеріне 22 шілдеде сағат 19:02-де "Тұран" шағынауданында орналасқан Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 жастағы балаға көмек керегі туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына барған құтқарушылар 4 жасар баланың қолын ет турағыш құралы шайнап қалғаны, соның салдарынан қолын шығара алмай жатқанын анықтаған.

Құтқарушылар гидравликалық және слесарлық құралдарын қолдана отырып, ет турағыш құралды кесіп, баланың қолын шығарды. Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болғандықтан құтқарушылар оны оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: