Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы тергеу изоляторына әкелінген сәлемдемеден есірткі табылды

Алматыда тергеу изоляторына әкелінген сәлемдемеден есірткі табылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2023 17:29 Сурет: ҚР ІІМ
Алматыдағы тергеу изоляторының сәлемдемелерді қабылдау бөлімінің бақылаушылары күніне жүздеген сәлемдемені тексереді. Олардың арасында түрлі айла-тәсілдерді қолданып, небір тыйым салынған заттарды өткізбекші болғандар ұсталып, жазаға тартылып та жатады.

Қабылдау бөлмесінде тергеу тұтқынындағылар мен сотталғандарға беруге болмайтын заттардың тізімі мен қасақана өткізу әрекеттеріне қолданылатын жаза жайлы да анық жазылып, көрнекі жерге ілінген.

Соған қарамастан, тергеу тұтқынындағы жақындарына тыйым салынған заттарды өткізуге тырысатындар көп. Мысалы, №72 мекемесінде сот үкімін күтіп жатқан танысына шоколодтың арасына тығып, есірткі өткізбекші болған А. есімді азамат ұсталды.

Көздің жауын алатын жылтыр қағаздағы тәттіні ашып тексерген бақылаушы исі өткір ұнтақты анықтады.

Аталған факт бойынша Алматы қаласы ПД Түрксіб аудандық полиция басқармасынан жедел тергеу тобы шақырылып, арнайы сараптама тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: