Мұхтар Әблязовтің ағасы Қазақстанға неліктен оралғанын айтты
Сурет: Zakon.kz
Мұхтар Әблязовтің ағасы Қуаныш Нұрғазин Қазақстанға неліктен оралғанын және туысы жөніндегі ойын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қуаныш Нұрғазин 25 шілде күні Алматы әуежайында ұсталды, енді ол екі ай үйқамақта болады, деп мәлімдеді Almaty.tv.
"Мені Мұхтар Әблязов алаяқтық схемалар мен айла-шарғыларға еріксіз араластырды. Ұзақ уақыт бойы Отаннан жырақта жүргенім, БТА банктің бұрынғы төрағасы мен оның сыбайластары жөніндегі жаңалықтар менің денсаулығыма әсер етті", – дейді күдікті.
Қуаныш Нұрғазиннің айтуынша, саяси қуғын-сүргіннің болмауы мен демократиялық реформалар оның Қазақстанға өз еркімен оралуына түрткі болған. Ол саяси баспанадан бас тартқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript