Синоптиктер Қазақстанның бірқатар қаласында қолайсыз ауа райы болады деп болжап отыр
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандарының айтуынша, 28 шілдеде Ақтөбе, Атырау, Алматы және Астана қалаларында ауа тым ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).
Бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде қатты ыстық пен шаңды дауыл болатыны хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript