Ақтөбелік Ника Елубаева металл жонуды меңгерген
Ол станогты ол күнделікті жұмыста пайдаланады.
Тапсырыс қабылдап қосалқы бөлшектерді жасайды. Ника Елубаева "ес білгелі әкемнің қасында көлікжайда жүрдім" дейді.
Бала күнінен қосалқы бөлшектерді зерттеп, темір жонудың қыр-сырын үйренген. Мектепті тәмәмдаған соң жоғары оқу орнының халықаралық қатынастар факультетінде білім алған. Тіпті 6 жыл Түркияда тұрған, әкесі қайтыс болған соң елге оралған.
"Бала күннен игерген кәсібім ғой. Бірақ темір жонуды әкем қайтқан соң ғана мамандық ретінде қабылдадым. Әкемнен қалған білдектер бар. Алғашында айналамдағы жандардың барлығы қарсы болды. Құрал-саймандарды сатып жіберуге де үгіттеді. Әйел адамның ісі емес дейтін. Соған қарамастан қосалқы бөлшектерді жона бастадым. Сапалы шығатынана да көпшіліктің көзі жетті".Ника Елубаева
Бұған дейін Ника Елубаева сән саласында модель, ит жаттықтырушы кинолог боп та үлгерген. Бірақ "темірді қалыпқа келтіріп, істен шыққан қозғалтқышқа қайта жан бергенде көңілім жадырап шығады" дейді. Бастапқыда тосырқап қалатын жүргізушілер артынан көз үйреніп, тіпті іздеп келетіндері де бар көрінеді.
"Қыз бала ма? Сізге кеп тұрмын ба?" деп сұрайды көбіне. Телефон соқса "күйеуіңізді, әкеңізді шақырып жіберіңізші" дейді.Ника Елубаева