Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында 11 білім нысаны жаңа оқу жылына дайын емес

Алматы облысында 11 білім нысаны жаңа оқу жылына дайын емес, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 17:14 Сурет: pixabay
Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша орта білім беру комитеті Алматы облысының 11 мектебінің күрделі жөндеуіне мониторинг жүргізген. Қазір барлық 11 білім беру нысанында демонтаж және сейсмикалық күшейту жүргізіліп жатыр.

Орта білім беру комитетінің хабарлауынша, жөндеуден өтіп жатқан мектептердің көбі 1970-1980 жылдардың басында салынған. Олардың қатарында Қонаев қаласының Қ.Қайсенов атындағы №4, Іле ауданы Екпенді ауылының №2 орта мектептері, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының А. Малкеев атындағы Білім-инновация лицейі, Шелек ауылының Абай атындағы, Есік қаласының Абылайхан атындағы №4 орта мектептері, Қаскелен қаласының Қ. Сәтбаев атындағы мектебі, Кеген ауданының Жаңабаев атындағы, Талғар ауданының К.Нұрпейісов атындағы, №10, № 12 орта мектептері бар.

Орта білім комитетінің ұсынымдары бойынша білім басқармасы мен мектептер әр мектеп бойынша модификациялау жоспарын әзірледі. Білім басқармасына жақын орналасқан басқа мектептердің жобалық қуаттылығын ескере отырып, барлық оқушыларды оқытумен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді.

Сонымен қатар ата-аналармен, педагогикалық қоғамдастықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтау, жөндеу жұмыстарының барысын қадағалайтын мониторингтік жұмыс топтарын құру бойынша ұсыныстар берілді.


"11 білім беру объектісінде кешенді жөндеу және мектеп аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың басым бөлігінде жөндеу жұмыстары маусым айында басталған. Шартқа сәйкес аяқталу мерзімі 6 айдан 11 айға дейін созылуы мүмкін, яғни оқу жылының басында мектептер балаларды қабылдауға дайын болмайды. Біз білім басқармасымен бірлесіп оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін білім алушылардың уақытша орналасу орындарын белгіледік. Өз кезегінде мердігер ұйымдар жөндеуді белгіленген мерзімнен бұрын аяқтауға дайын", - деп атап өтті Орта білім комитеті басқармасының басшысы Гүлнар Таласбаева.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: