Алматы облысындағы балалар лагері ата-аналардың шағымынан кейін тексерілетін болды
Сурет: pixabay
Оқу-ағарту министрлігі Алматы облысындағы балалар лагеріндегі нашар жағдайға қатысты ата-аналардың шағымына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитет арнайы құрылған жұмыс тобы оқиға орнына аттанып кеткенін нақтылайды.
"Алдағы уақытта министрлік өкілдері орталықтың жағдайы балалар қауіпсіздігі үшін жарамды екен тексермек. Бұған дейін Қонаев қаласының білім бөлімі «Бәйтерек» жекеменшік лагеріне мониторинг жүргізген болатын. Тексеру нәтижесінде лагерьдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметке рұқсаты бар екені анықталған. Сондай-ақ, оқиға орнында прокуратура өкілдері де жұмыс істеп жатыр". ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Алдында Алматы облысының балалар лагерьлерінің біріне тегін демалуға барған оқушылардың ата-аналары балалардың тұрып жатқан жеріне қатысты наразылық білдірген болатын.
Ата-аналар балалар кішкентай, лас және ыңғайсыз бөлмелерде, онда да бірнеше бала бір төсекке сығылысып ұйықтауға мәжбүр екенін, ал лагерь орналасқан ғимарат өте ескі екенін айтып, шағымданған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript