ШҚО-да жанармай тек талон арқылы беріле бастады

ШҚО-да жанармай тек талон арқылы беріле бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 16:49 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір жанармай құю станцияларында бензин тек талон арқылы ғана беріле бастады.

Мұндай шектеулер Серебрянск, Белоусовка станцияларында, сондай-ақ Глубокий ауданы, Риддер мен Самар аудандарында да байқалады, деп жазады qazaqstan.tv.

Жанармай әсіресе шағын станцияларда тапшы болып тұр. Облыс орталығы Өскеменде әзірге жағдай тұрақты.

Шілде айында Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тоқтаған болатын. Содан бері елде АИ- 95 маркалы бензиннің тапшылығы сезіле бастады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: