Шымкентте Арғымақ елдімекені газбен қамтылды
Сурет: Шымкент әкімдігі
Шымкенттегі Арғымақ елдімекенінің тұрғындары көгілдір газбен қамтылды.
"Қаланың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы кешенді жоспар аясында бүгінде Тұран ауданы аумағындағы Арғымақ елдімекеніне табиғи газ жеткізілді", - деп хабарлады Шымкент әкімдігі.
Сонымен қатар Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекемелер анықталып, құрылыс салынып жатыр. Жоспар бойынша құрылыс 2024 жылы аяқталады.
Әкімдіктің хабарлауынша, Қайнарбұлақ 1, 2 кезең құрылыс жұмыстарын аяқтауға қаржы толық қаралған жағдайда 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Былтыр жыл соңында Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталған еді. Ал техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерде абоненттеу жалғасып, нәтижесінде 564 абонент табиғи газға қосылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



