Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында 221 жылдық еңбек өтілі бар теміржолшылар әулеті тұрады

теміржол, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2023 17:47 Сурет: видео скрині
Абай облысында 221 жылдық еңбек өтілі бар теміржолшылар әулеті тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасың хабарлауынша, Садықовтар отбасы Шар қаласындағы жөндеу депосында жұмыс істейді.

Серік Садықов кезінде әкесі жұмыс істеген Шар депосындағы қос доңғалақ жөндеу цехында еңбек етеді. Ол әріптестерімен бірге еліміздің түкпір-түкпірінен келетін тепловоздардың дөңгелектерін жөндейді.  

"Мынау "ТЭ33А" 376 дейтін модель. Толық жөндеуге келді. Біліктері, орталықтары шешіледі. Одан кейін тексеруге барады. Одан соң жуылады. Толық өлшемдері алынады да, жарықтары тексеріледі". Қос доңғалақ жөндеу цехының шебері Серік Садықов

20 адам еңбек ететін бұл цехта айына 30 доңғалаққа дейін жөнделеді. Серіктің інісі Бауыржан да осы мекемеде, бірақ қызметі басқа. Ол тепловоздың доңғалағын емес, өзін жөндейді.  

"Тепловоздар жан-жақтан келеді. Өскемен, Семей, Астана, Павлодар, Аягөз, сол жақтардан. Күрделі жөндеуден өткіземіз. Енді "C0 1" тепловозын  жөндеуге 12 сағат беріледі. "С0 2" тепловозына бір апта уақыт беріледі". Сервистік қызмет цехының шебері Бауыржан Садықов

Серік пен Бауыржанның әкесі Батырбек Садықов осында тепловоз машинисінің көмекшісі, тепловоз машинисі, цех шебері болып 40 жылдан астам уақыт еңбек етіпті. Теміржолшының әкесі мен үш ағасы да Шар депосында көп жыл жұмыс істеген.   

"Теміржолда көбінесе техникалық қауіпсіздікке мән беріледі. Бірінші кезекте. Денсаулығына зиян болмасын деп. Бәрі соған тырысады. Адам таңертең жұмысқа келді ме, аман-есен кешкі үйіне оралғанына тәубе дейді. Бәріміз де теміржолшы болғаннан кейін теміржол институтын бітірдік, техникум бітірдік. 43 жыл жұмыс істедім бір салада". Теміржол саласының ардагері Батырбек Садықов
"Бисеновтер, Садықовтар, Бұлановтар, Тырайыспаевтар, Манаповтар, Омаровтар әулеті. Бұлардың әкелері, аталары, балалары бізде қызмет істеген үлкен әулеттер өте көп бізде. Бізде мысалы, бір ғана Садықовтар отбасының еңбек өтілі 221 жыл болды". Жөндеу депосының кадр маманы Тұрысбек Қанапиянов

Шар депосында орта есеппен айына 30-40 тепловоз, 40-60 тепловоз доңғалағы жөндеуден өтеді. 150-ге жуық адам жұмыс істейтін мекеме еліміздегі деполар арасында төрт мәрте "Үздік ұжым" атағын жеңіп алған. Еңбек қауіпсіздігі саласында қол жеткізген жетістігі үшін "Алтын каска-2023" сыйлығын иеленді.

Айта кетейік, бүгін, Қазақстанда тамыз айының әрбір бірінші жексенбісі - Көлік және коммуникация қызметкерлері күні.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: