Ақтөбеде балабақшаның жанында орналасқан мейрамхананың шатыры өртенді
Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
2023 жылғы 7 тамызда Ақтөбедегі Alefun мейрамханасының шатыры өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өртті сөндіруге 48 адам және 12 техника жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілер өрттің басқа ғимараттар мен үйлерге таралуына жол бермеді.
Мейрамхананың жанында орналасқан балабақшадан 40 адам, оның ішінде 35 бала эвакуацияланды.
Өрт 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 13:06-де сөндірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript