Ақтөбеде ауаның ластану деңгейі артады
"Қазгидромет" мамандарының айтуынша, сейсенбі, 8 тамызда Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).
Қолайсыз ауа-райында ұсынылатын әрекеттер:
- көшеде, әсіресе магистральдарда немесе басқа лас ауа көздерінің маңында өткізетін уақытты азайтыңыз.
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
- созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде өзімен бірге қажет дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз.
- спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу керек.
Бұған дейін синоптиктер 8 тамызға арналған ауа райы болжамын айтқан еді. Мәліметтерге сәйкес, сейсенбі күні Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің тағы 16 облысында дауылды ескерту жарияланды.