Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда әйелді бауыздаған күдіктіге қатысты тың мәліметтер айтылды

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 01:13 Сурет: КТК телеарнасы
Алматыда әйелді бауыздап басын кесіп алған күдіктіге қатысты алғашқы сот отырысында тың мәліметтер айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік айыптаушынының сөзінше, А. И. өзіне қарамай кеткен шұжық сататын әйелден кек қайтару үшін қанды қылмысқа барған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

60-тан асқан азамат пышақтан бастап, басты салатын пакетке дейін алдын ала дайындапты.

Тұрақты үйі мен табысы жоқ А.И. бірге тұрған әрі осы уақытқа дейін асырап келген әйелден ажырап қалмас үшін жауыздықпен адам өлтірген. Жәбірленушіні саябақтан тауыпты. "Жататын жер мен жұмыс беремін" деп алдап көріскен. 

"11 сәуірде А. И. алдын ала дайындаған пакет пен пышақты алып, Айнабұлақ ықшамауданындағы үйден шығып саябаққа бет алады. Кешкі сағат 8 жарым шамасында А.И. Айбатулинамен кездеседі. Жәбірленуші жалғыз екенін көріп, пышақпен мойнына ұрады. Әйел екі минуттың ішінде қайтыс болды. Ал кесіп алған басын пакетке салады". Мемлекеттік айыптаушы Асхат Кеңес

Келесі күні сол басты базарға тастайды. Дәл шұжық сататын дүкенге қалдырып кетуіне де себеп бар екен. Осылайша кезінде өзіне қарамай кеткен әйелден, яғни сатушыдан кек қайтарғысы келген дейді прокурор.

Тал түсте базардан табылған бас елді шошытты. Тергеу мәліметінше, А.И-дың көздегені де осы болыпты. Алматыда жүрген қанішерден қорғаймын деп, бірге тұрған әйеліне айтқан. Яғни үйден қуып жібермес үшін өзінің керек екенін көрсеткісі келіпті.

Десе де сотталушы тағылған айыппен мүлде келіспеді. Ол сотқа алқабилердің қатысуын сұрады. Сот онысын мақұлдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: