Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі: Қазақстанға бұл форум не үшін қажет

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі: Қазақстанға бұл форум не үшін қажет, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 15:38 Сурет: Zakon.kz
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Қазақстан имиджінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Қазан айында Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары құрылтайы хатшылығының XXI отырысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы орайда халықаралық кездесудің маңызы туралы қазақстандық сарапшылар мен рухани тұлғалардың пікірін біліп көрдік.

Былтыр Астанада 14-15 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті. Елу елден жүзден астам делегат бас қосқан іс-шарада мәдениеттерді жақындастыру, жаһандық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Съез шеңберіндегі отырыстардың бірінде қатысушылар діни және қоғамдық ұйымдардың экстремизм, радикализм және терроризмге қарсы өзара тиімді іс-қимыл тетіктерін құру бойынша бірлесіп жұмыс атқарды.

Бүгінде Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары құрылтайы хатшылығының отырысына белсенді дайындалуда.

"Қазақстан өзіне күрделі міндет артты: еліміз жақсылық, бейбітшілік пен түсіністіктің тасымалдаушысы ретінде көрсетті. Қазіргі жағдайда діни көшбасшыларды қабылдауға балық мемлекеттер дайын емес. Бұл орайда еліміз олардың барлығын бір үстел басына жинап, өзінің бейбітшілікке бағытталған позициясын айқын жариялады", – деді Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының доценті Кеңшілік Тышханұлы.

Тарихи бетбұрыс кезеңінде Астана дін мен моральдық құндылықтардың қазіргі әлемдегі рөлінен бөлек, білім беру, діни ағартудың маңыздылығын талқылайтын диалог алаңы болды. Сондай-ақ діни қауымдастықтардың әйелдердің әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы рөлі талқыланды.

"Бұл – біз ойлағандай жай ғана форум емес, үлкен еңбек және түсіністік пен толеранттықтың бір тілін қалыптастыру. Қазақстанның саясаты көпшілікті қызықтырады және біздің республикамыздың барлық бастамалары бүгінде халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қажет етеді", – деп атап өтті Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова.

Оның пайымдауынша, 2023 жылғы қазан айына жоспарланған Хатшылық отырсында алдыңғы съездерде қабылданған құжаттардың орындалуы бойынша қорытындылар шығарылады. Сонымен қатар, Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерін өткізіп келе жатқан осы 20 жыл ішіндегі бастамаларының нақты нәтижелері талданады.

"Бірақ қазірдің өзінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірегей съезі еліміздің шынайы дінаралық келісім мен бірлікке қол жеткізілген орынға айналғанын көрсетеді", – деді Калашникова.

Өткен жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытынды құжаты қабылданды, оны Англикан шіркеуінің арнайы өкілі Джо Бэйли жариялады. Декларация 35 тармақтан тұрады, онда съез қатысушылары әлемдік қоғамдастыққа, адамдарға, мемлекеттерге бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы үндеу жасайды. Декларацияның кейбір тармақтарында былай делінген:

"Біз кез келген әскери қақтығысты бастау, шиеленіс пен текетірес ошақтарын құру халықаралық қатынастарды нашарлататын "домино эффектісіне" ие екендігіне сенімдіміз. Біз экстремизм, радикализм, терроризм және зорлық-зомбылық пен соғыстың барлық түрлерін, олардың мотивтері мен мақсаттарына қарамастан, дінге ешқандай қатысы жоқ және оларды түбегейлі қабылдамау керек деп санаймыз".

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VII съезінің қатысушы, Қазақстан Православие шіркеуінің қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Александр Суворов бұл форумның мәнін басқаша түсіндіреді:

"Қазір халықаралық перспективалар туралы болжам жасау қиын. Егер бұл съездер, ең болмағанда, ел ішінде дінаралық диалогты жақсартуға ықпал етсе, онда оны тек құптауға болады. Мәселен, мемлекетімізде шіркеуге қатысты алаңдатарлық тенденциялар байқалды, онда сыртқы күштер шіркеуді қандай да бір саяси сюжеттерге тартуға тырысады, бірақ бұл қауіпті жол", – дейді ол.

Өркениеттер арасындағы алмасу және ынтымақтастық қорының президенті әрі негізін қалаушы Имам Мұхаммед Башар Арафат Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде қатысушыларға былай деп жүгінген еді:

"Қасиетті Құран кітабында біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату бүкіл әлемдегі адамдардың міндеті екенін оқуға болады. Сондықтан, мұсылмандар мен барлық басқа конфессиялардың өкілдері мұны бірлікте ұғыну үшін мықтап қол ұстассын".

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VII съезі декларациясының 35-тармағында қатысушылар Съездің қызметін жалғастыруға ұжымдық мүдделілікті және 2025 жылы Қазақстан астанасында келесі VIII съезді өткізу ниетін растады. Бұл дегеніміз, барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері әрі қарай діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілетуге күш салады деген сөз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: