Алматыда үш даңғылда жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Қаланың негізгі магистральдары бойынша жол жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімнен бұрын аяқтау жоспарланып отыр. Бұрын бекітілген кесте бойынша жол жөндеу жұмыстарын 31 тамызға дейін аяқтау жоспарланғаны еске салынады.
"Абай даңғылында екі мердігер ұйым қатар жұмыс істеп жатыр. Батыс бағытта жөндеу жұмыстары аяқталып, Достық даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін көлік қозғалысы ашылды. 10 тамызда сағат 23.00-ден 12 тамызда сағат 06.00-ге дейін Розыбакиев көшесінен Тілендиев көшесіне дейінгі соңғы учаскеде даңғылдың солтүстік бетінде полимерлі асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осымен Абай даңғылының жүріс бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталады". Алматы қалалық мобильділік басқармасы
Жабық учаскені Сәтбаев көшесі, Кіші Абай көшесі, Тілендиев көшесі, Розыбакиев көшесі және оған жақын жатқан шағын көшелер арқылы айналып өтуге болады. Розыбакиев көшесі, Тұрғұт Өзал көшесі, Брусиловский көшесі және Тілендиев көшесі бойындағы көліктерге арнайы өтпелі қозғалыс ашылған.
Қарасу, Кәрімов және Түркебаев көшелерінің қиылысындағы айқасқан жол бойынша жол жүріс шектеледі, айналма жол Есенжанов көшесі бойынша ұйымдастырылады.
"Сейфуллин даңғылында жол жөндеу жұмыстары аяқталып, Алматы-1 т/ж возалынан Ақан сері көшесіне дейінгі жол қозғалысы ашылды. Ақан сері көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі келесі учаске 11 тамызда сағат 23.00-ден 13 тамыздың 07.00-ге дейін жөндеуге жабылады. Жабық учаскені Кассин көшесі, Рудаки көшесі, Артиллерия көшесі, Жансүгіров көшесі және іргелес жатқан шағын көшелер арқылы айналып өтуге болады. Успенский, Ақан сері көшелеріндегі көліктің өтпелі қозғалысы қолжетімді болады. Осылайша, Сейфуллин даңғылындағы жоспарланған жұмыстар аяқталады". Алматы қалалық мобильділік басқармасы
Әл-Фараби даңғылында, жолдың оңтүстік бетінде жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, ал солтүстік жағында Достық даңғылынан Гагарин даңғылына дейін асфальтбетон жабыны төселді.
"Қолайлы ауа райы жағдайында 12 тамызда сағат 23:00-ден 14 тамызда 07:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының Дулати даңғылынан Асқаров көшесіне дейінгі жол бөлігінің соңғы бөлігі жөнделетін болады. Бұл учаскедегі қозғалыс уақытша шектеледі. Жабық учаскені айқаспа жолдар мен Мұстафин мен Торайғыров көшелеріндегі айналма жол арқылы айналып өтуге болады".Алматы қалалық мобильділік басқармасы
Абай даңғылы мен әл-Фараби даңғылында жол белгілерін салу жұмыстары басталды. Сейфуллин даңғылында жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол белгілері қойылатыны да нақтыланады.