Ақмола облысында бес жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлап кетті
Сурет: piqsels
Ақмола облысында бес жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға ауылдардың біріндегі жеке үйде болды. 9 тамыз күні Аршалы ауданының полиция бөліміне ауылдық округ фельдшерінен ЖБМЖ, МШ, кеуде қуысының жарасы, сол жақтағы жіліншіктің жабық сынуы диагнозымен 5 жастағы бала дәрігерлік амбулаторияға жеткізілгені туралы хабар түскен.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері бес жасар баланың үйде әкесімен бірге болғанын және қайғылы оқиғаға дейін киім ауыстыру үшін үйдің екінші қабатына көтерілгенін анықтады.
Өз бөлмесінде кәмелетке толмаған бала "терезеден қараймын" деп, абайсызда құлап кеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript