"ҚазАзот" зауытындағы екі агрегаттың жұмысы тоқтады
Сурет: Экологиялық реттеу және бақылау комитеті
Бүгін сағат 13:20-да МАЭК ЖШС тарапынан электр энергиясын авариялық ажыратылуына байланысты "ҚазАзот" АҚ зауытындағы екі агрегаттың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің хабарлауынша, салдарынан әлсіз азот қышқылының өндірістік цехында атмосфераға нитрозды газ шыққан.
Экология департаментінің қызметкерлері кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында атмосфералық ауаны өлшеді, ластаушы заттардың ШРК асып кетуі тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта департамент "ҚазАзот" АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript