Қошанов: Көпеевтің өлеңдері мен көсемсөзі қазақ руханиятының алтын қорынан ойып тұрып өз орнын алады

Қошанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 15:05 Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165-жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алқалы жиын Павлодар облысы Баянауыл ауданында өтті.

Мәжіліс спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

"Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы халқымыздың ауыз әдебиетін, шежірелі тарихын және салт-дәстүрін жан-жақты зерделеп, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Халықты өнер-білімге шақырған өлеңдер мен толғаулар, дастандар мен қиссалар жазып, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтті. Ұлы ойшылдың мол мұрасы әлі де талай ұрпақтың қажетіне жарары сөзсіз. "Салған мені бейнетке ғылым-білім" деп ақынның өзі жырлағандай, терең таным мен телегей білімнің арқасында елге танымал болып, "Мәшһүр" атанған абызды ұлықтап, еңбектерін жұрттың жадында жаңғырту – баршамыздың ортақ парызымыз", - делінген Президенттің құттықтауында.
Көпеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 15:05

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Ерлан Қошанов Ертіс-Баянауыл өлкесі ұлтымыздың тағдыры мен тарихына өшпес із қалдырған ұлы перзенттерді дүниеге әкелген киелі топырақ екенін атап өтті. Солардың бірі де, бірегейі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.

Мәжіліс төрағасы ақын өлеңдері мен көсемсөзі қазақ руханиятының алтын қорынан ойып тұрып орын алатынын айтты.

Көпеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 15:05

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

"Ол кезде заман қандай болғанын білеміз. Сол аласапыран уақыттың өзінде қаншама шежірені, дастан-қиссаларды, ертегілерді, айтыс үлгілерін көзінің майын тамызып отырып жинағаны ерлікке пара-пар", - деді Мәжіліс төрағасы.
Көпеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 15:05

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Сөз соңында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының есімі мен мол мұрасы халқымызбен бірге мәңгі жасай беретінін ерекше атап өтті.

Көпеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 15:05

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мерейтой аясында облыста республикалық ақындар айтысы, жыршы-термешілер байқауы, көкпар, бәйге мен қазақ күресінен жарыс өтті.  

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: