1 млрд теңге: Түркістан облысында заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсы анықталды

ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2023 13:47 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы Ордабасы ауданының прокуратурасы 1 млрд теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ордабасы ауданының прокуратурасы аудан көлемінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жылдық жоспарға енгізілмеген нысандарға мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз жариялағанын анықтады.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 1 млрд теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылып, заң бұзуға жол берілмеді.

Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: