Ақтөбедегі тұрғын үйде өрт шығып, 44 адам эвакуацияланды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтөбедегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, 44 адам эвакуацияланды, арасында балалар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылды.
Сондай-ақ, баспалдақпен 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала.
Өрт сағат 13:47-де сөндірілді. Өрт 20 шаршы метр жерді шарпыған.
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің 26 өрт сөндірушісі мен 6 техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript