Министрлік "Алматы" телеарнасының зардап шеккен қызметкерлерін қолдауға дайын
Сурет: видеодан скриншот
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Алматы" телеарнасының зардап шеккен қызметкерлеріне қолдау көрсетуге дайын, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Аlmaty.tv арнасының түсірілім тобына қатысты болған жағдай туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабардар. Сонымен қатар министрлік арна қызметкерлеріне заң аясында қолдау көрсетуге әзір". ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Ведомство аталған мәселені жіті бақылауда ұстайтынын да хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін "Алматы" телеарнасының түсірілім тобына шабуыл жасалғанын хабарлаған еді. Тимирязев көшесіндегі Алматы гарнизоны әскери сотының жанында түсірілім кезінде азаматтық белсенді Белялов Байбах түсіндірместен түсірілім тобына шабуыл жасап, журналист пен операторды жарақаттап, штативті сындырған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript