Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген Тараз тұрғыны танысына алданып қалды

ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 21:07 Сурет: Zakon.kz
Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген Тараз тұрғыны танысына алданып қалды, ол бұл үшін 500 мың теңге берген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 тамызда Тараздағы полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің сөзінше, 28 шілде күні ұлын Алматы қаласының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 мың теңге берген.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараздың 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: