Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысында "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпазы анықталды

мерейлі отбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 19:21 Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кеше Оралдағы А.Островский атындағы орыс драма театрында "Мерейлі отбасы-2023" ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты кешке облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы келіп, жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтады.

"Мерейлі отбасы" байқауы – мазмұны мен тәрбиелік жағынан өзгеше іс-шара, яғни аға буынға "Артымда қандай ұрпақ қалдырамын?" деген ой салып, жас буынды әке салған жолды жай ғана жалғастырып қоймай, тың идеялармен байытып, жаңаша қарқынмен жетілдіруге жетелейтін, рухани байытатын шараның мәні тереңде жатыр.  Бұл ұлттық байқау - ұрпақтар сабақтастығын жария етіп, елге қызмет етудің ең озық үлгілерін көрсетіп, өнеге алатын  байқау ретінде қоғам алдындағы құндылығы арта түспек. Бүгінгі облыстық кезеңнің жүлдегерлері мен жеңімпаздарына сәттілік, барша қатысушыларға амандық, татулық пен ауызбіршілік тілеймін!" Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев
мерейлі отбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 19:21

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мерейлі отбасы" байқауы 2013 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 10 жыл ішінде ұлттық байқаудың кезеңдеріне 2 000-нан аса отбасы қатысқан. Байқауға түрлі отбасы, оның ішінде көпбалалы, ерекше балалары бар отбасылар, ардагерлер, сондай-ақ еңбек және шығармашылық әулеттер қатысты.

мерейлі отбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 19:21

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге Қазталов ауданынан Ниетқабыловтар отбасы ие болды. Жеңімпаз отбасы қыркүйек айында Астанада өтетін республикалық кезеңде батыс өңірінің намысын қорғамақ.

мерейлі отбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 19:21

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: