"Қазақстан" шахтасында қаза тапқан екі кеншінің кім екені белгілі болды

Қазақстан шахтасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2023 17:06 Сурет: "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі "Қазақстан" шахтасындағы өрт кезінде қаза тапқан үш қызметкерінің деректерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар:

  • Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
  • Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл; 
  • Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;

Компания екі кенші әлі де іздестіріліп жатқанын хабарлады. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалып жатыр.

Айта кетейік, апат кезінде жер астында 227 қызметкер болған, оның 222-і жер астына шыққан.

Еске салайық, бүгін, 19 тамызда Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, "Қазақстан" шахтасында жоғалып кеткен және осындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесті, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: