Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда жаппай төбелеске қатысқан екі оқушы онлайн оқуы мүмкін

Онлайн оқу, Павлодар, жасөсіпірім, төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2023 21:58 Сурет: unsplash
Павлодарда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Баширова жаңа оқу жылында екі оқушы онлайн оқуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол сот шешімі шыққанға дейін кәмелетке толмаған жастарға қатысты нақты шешім қабылданбайтынын да нақтылай кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Сот өткен соң шешімін айтатын боламыз. Тергеу жүріп жатқандықтан, қосымша ақпарат бере алмаймыз. Әзірге олар үйқамақта отыр, әрі қарай бұл сұрақтың шешімін іздейтін боламыз. Ол мәселені Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен прокуратурамен бірлесе отырып қарастырамыз. Бұл сұрақ барлық жақтан талданатын болады", – деді Гүлмира Баширова.

Оның айтуынша, білім басқармасы жаңа оқу жылында оларды қашықтықтан оқыту форматына көшіру үшін барлық жағдай жасалатын болады. 

Айта кетсек, шілденің аяғында Павлодар көшелерінің бірінде жасөспірімдер арасында төбелес болған. 14 жастағы жасөспірім баланы бірнеше адам ұрып-соққан. Түрлі жарақаттармен оқушы ауруханаға жеткізілген еді. Полиция департаменті ҚР ҚК 107-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі істі қозғаған. Кейін облыстық прокуратура  оны ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне  (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) ауыстырған болатын. Бүгінде осы іс бойынша кәмелетке толмаған екі күдікті үйқамақта отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: