Жаңалықтар тізбегі
0

Сырдариядағы қайғылы жағдай: куәгерлер 11 адамның қалай суға батқанын айтты

Сырдария, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2023 22:52 Сурет: видео скрині
Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғындары Сырдариядағы қайғылы жағдайдың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, құдалыққа жиылған әулиет тойдың ертесіне суға түсуге дарияға барған. 20 адамның тең жартысы - кәмелетке де толмаған балалар. Демалып жатқан кезде балалардың бірі суға тұншығып, оны құтқаруға ересектер ұмтылғанда, қалған балақайлар суға артынан секіріпті.

"Бірінші сол үйдің бір баласы суға түсті деді. Кішкентай емес, 10-сыныпты бітіріп қойған сияқты. Содан соны құтқарам деп анасы кеткен. Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген дейді ғой. Құтқарам деп кеткені шығар, басқа не болады. Бір үйден бесеуі кетті, анасымен қосқанда. Бір үйден үшеу кетті. Бәрі бір атаның балалары ғой. Бір атадан төрт бала болса, соның ұл-қыздары ғой, немерелері". Көксарай ауылының тұрғыны Мұсабек Сарымбет

Суға кетіп жатқандардың "құтқарыңдар" деп шырылдаған дауысын жақын маңда балық аулап отырғандар мен іргедегі жолмен кетіп бара жатқан жұрт естіп, көмекке келіпті. Әйтпесе суға 20 адамның бәрі түгел кетуі де мүмкін еді.

"Осы жағада су терең. Сол жағадан шығардық. Шамамен бірбір жарым метрден келетін су ғой. Ары қарай терең. Өзіміз шықтық қой, бір бәле ғып, бірбірімізге көмектестік, қолымыздан тартып". Отырар ауданының тұрғыны Әділхан Аманов

Сырдарияның суы тартылғанымен, қазір іздеп жатқан тереңдік 3-5 метр екен. Суға кеткен 11 адамның екеуі әлі іздестіріліп жатыр. 10 жастағы қыз бен 12 жастағы ұлды тәулік бойы іздеп жатқан құтқарушылар қиындықтың көп екенін айтады.

"Жағалауында тұрған ағаштар да су шайып, соның кесірінен, сүңгуірлердің айтуынша, көп томар, су астында жатқан ағаш көп. Кедергі келтіріп жатыр. Сондықтан бұл жерде ағыс та өзгереді. Судың беткі қабаты осылай ағып жатқанымен, астыңғы қабатының ағысы бөлектеу". Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев

Судан аман қалған 49 жастағы әйел мен 9 және 8 жасар балақай Отырар ауданының ауруханасында емделіп жатыр. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дегенмен, қатты стресс алғанын айтады. Ал тұншығып көз жұмған бір әулеттегі тоғыз адамның денесі бүгін Ызакөл ауылының зиратына жерленді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: