Ақмола облысында мотоцикл жүргізушісі 43 жастағы тұрғынды соғып кетті

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2023 23:15 Сурет: polisia.kz
20 тамыз күні Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет ауылында мотоцикл жүргізуші бір адамды соғып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Dayun Super мотоциклінің 37 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, 43 жастағы тұрғынды соғып кеткен.

Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған жаяу жүргінші мен мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Жүргізуші комада жатыр.

Полиция бөлімімен бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сараптама тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: