Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда күн күрт суиды, жаңбыр, бұршақ жауады

Қазақстанда күн күрт суиды, жаңбыр, бұршақ жауады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 12:40 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 24-26 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстік және шығысында ауа температурасы төмендеп, қатты жаңбыр жауады деп болжанды.

"Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз  болады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасы түнде -7-12 градусқа дейін, күндіз 17-22 градусқа дейін төмендейді деп болжанды.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: