Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматтың жәрдемақы мөлшері өсті

Әлеуметтік жәрдемақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2023 20:22 Сурет: Zakon.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 шілдеден бастап қанша қазақстандыққа қатысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі көтерілгенін есептеп, сандарды жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ЕӘХҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер 14,5% - ға ұлғайды.

Сонымен қатар, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеп, марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері артты. Осылайша, жәрдемақылар мен төлемдердің артуы 1 млн-нан астам азаматты қамтыды.

Мәселен, "Алтын алқа" алқасымен, "Батыр ана" атағы бар, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 6,4-тен 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды. Бұл орташа есеппен 92,2 мыңнан астам марапатталған аналарға әсер етті.

Сондай-ақ мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақының және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақының мөлшері 1,4-тен 1,61-ге ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін (2023 жылы 65 313 теңге) немесе 14,5% - ға арттырылды. Жыл басынан бері жоғарыда аталған жәрдемақыларды орта есеппен 59 млрд 373 млн теңгеге 143 мыңнан астам адам алды.

Бұдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың кейбір түрлерінің мөлшері орта есеппен 14,5% - ға ұлғайды. Оған кімдер жататынымен мына арадан таныса аласыздар. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: